A place where you need to follow for what happening in world cup

Коронавирустан бірінші болып бастартқан Еуропа мемлекеті

341

1 ақпаннан бастап Дания мемлекеті алғаш болып COVID-19 пандемиясына қарсы барлық шектеулерді тоқтатты. Бүгінде ел тұрғындары түнгі клубтар мен мейрамханаларға барып,медициналық маскасыз сауда орындары мен дүкендерге кіріп, қаланы бейберекет аралай алады , деп хабарлайды Коммерсант. Дегенменде, қарттар үйі мен ауруханаларға барғанда маска тағуды міндеттеу ұсынылып отыр.

«Сноб» басылымының авторы нақтылағандай, маска режимінен бөлек, каронопаспортта жойылмақ. Мысалы, бүгінде Франция, Австрия сияқты мемлекеттерде мерекелік шараға жиналатын адам сандарын шектеу алынып тасталған. Данияның бұл шектеулерден бастарту уақыты «омикронның» өршуі барысына тура келіп отыр. Мемлекет басшылары бұл ауру жай қарапайым тұмау немесе суық тию сияқты қаралатынын айтқан. Дания үкіметі бұдан былай шектеу щараларын көздемейді, дегенмен бұл нақты шешім емес. Себебі табиғат құбылысына жауап бере алмайтынын айтқан. Дания Еуропа елдерінің қатарындағы шектеулерді толық алып тастаған алғашқы мемлекет болып отыр. Сонымен қатар, Грузия секілді мемлекеттерде карантин шараларынан жартылай ғана босатуға шешім қабылдаған. Испанияда (Каталония)коменданттық сағат тоқтатылған, және барлар мен мейрамханаларға ковидпаспортын көрсету міндетті емес. Ұлыбританияда қоғамдық көліктер мен сауда орындарында маскасыз жүруге 27 қаңтардан бастап рұқсат берілген.

Аружан ТЫНЫШБАЙ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

журналистика мамандығының 4 курс студенті

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.