A place where you need to follow for what happening in world cup

«Бәрін құлдыратып отыр» Шығыстықтар да бұлқынуда

151

Бейсенбі күні Өскемен тұрғындары президент Тоқаевқа үндеу жолдаған онлайн петиция жариялады, деп хабарлайды bugin.kz порталы.  

Олар Жақсылық Омарды қала әкімі қызметінен алуды сұрайды. «Екі сағаттан кейін мектептер әкімге қолдау көрсету туралы бұйрық алды», — дейді қала тұрғындары.

Өскемендіктер үндеуде Омар әкім төртінші жыл қызмет атқара отырып, өз қаласын дамытпай, бәрін құлдыратып отырғанын айтады.

«Қалада әртүрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың кейбірі пайда әкелмейді де. Сонымен қатар айтарлықтай зиян келтіретін жобалар бар. Олар тұрғындардың қарсылығына қарамастан экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы ағаштарды жаппай кеседі», — делінген Президентке жолданған үндеуде.

Қоғамдық көлік мәселелері, бюджет ақшасының күмәнді инвестициясы, инвестициялық жобаларды жасыру, бюджетті ұтымсыз пайдалану. Бұл – петиция бастамашылары айтып отырған мәселелер.

Петицияға қол жинау жарияланғаннан кейін екі сағат өткен соң жергілікті мектептердің әкім Омарды қолдау туралы бұйрық алғаны белгілі болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.