Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге президент болып сайланғаны оның жеке өмірі бәрін қызықтырары анық. Президентіміз зиялы отбасыда дүниеге келген. Әкесі – Кемел Тоқаев белгілі қазақ жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, ал анасы – Тұрар Шабарбаева Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген деп жазды Oinet.kz сайты.
Қасым-Жомарт Ұлы жүздің Жалайыр тайпасының Күшік руының тумасы. Жастайынан оқу-білімге құштар президент мектеп пен университет қабырғасында үздік оқып, өзге тілдерді жақсы меңгерген. Алайда оның отбасы жайлы тың деректер жоқтың қасы. Президентіміздің әйелі кім?
Осы сұрақ бәрімізді мазалайтыны анық. Бізге белгілісі ажырасқандығы. Алайда ажырасқан әйелі кім екені жайлы да деректер аз. Жалпы, Тоқаев өз отбасын қатты жасырын ұстайды. Надежда Давыдовна Тоқаева Төменгі Тагилада дүниеге келген. Кейбір деректерге сүйенсек ол қайырымдылық жұмыспен айналысса, ал басқа деректерде Мәскеуде жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын көрінеді. Қасым-Жомарт Тоқаев мен Надежда Давыдованың некесінен дүниеге Тимур есімді бала келді. Бұл жайлы ақпарат біршама бар. Ол 1984 жылы дүниеге келген. Кейбір деректерге сүйенсек, оның бірнеше жылдан бері мұнай саласында жұмыс істеп жүргені айтылады.
Сонымен бірге, ол «Аби Петролеум Капитал» компаниясының ортақ құрылтайшысы болған. Әрі қоғамдық қызметпен де айналысатыны белгілі болды. Тимур 2008 жылы Кемел Тоқаевтың атымен қайырымдылық қорын құрған. Ал 2011 жылы «Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басымдылығы» атты кітабын жарыққа шығарған.