A place where you need to follow for what happening in world cup

Елбасы туралы заңға өзгерістер енгізілді

124

Мәжілістің жалпы отырысында Палата депутаттары Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық етуінің күшін жоятын конституциялық заңдарға түзетулерді қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz.

Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігінің күшін жоюға қатысты түзетулерді қолдады. Бұл норма «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» Конституциялық заңда жазылған.

Сондай-ақ заң жобасында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуінің күшін жоятын түзетулер бар.

Бұл ретте Қазақстанның Тұңғыш Президенті маңызды мәселелерді талқылау кезінде Парламент пен Үкімет алдында сөз сөйлеу құқығын сақтайды.

Заң Президентке қол қоюға жіберіледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.