A place where you need to follow for what happening in world cup

Forbes.kz. тізімінде 32-ші орынға жайғасқан. Нығматулиндерге қандай бизнес тиесілі?

290

Бүгін билік бұтағындағы үшінші адам болған — ҚР  Парламенті төменгі палатасының спикері Нұрлан Нығматулин қызметтен кетті. Биыл 60 жасқа толатын шенеунікке зейнет жасына дейін әлі үш жыл бар. Әзірге ресми қызметке бара ма жоқ  па белгісіз. Мүмкін ол егіз ағасымен бірге бизнеспен айналысатын шығар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазір Ерлан Нығматулин табысты бизнесмен, бірқатар компаниялардың иесі және акционері. Ол бірнеше рет «ең ықпалды кәсіпкерлер» рейтингіне кірді. Қазан айында Forbes.kz. тізімінде Ерлан Нығматулин 50 адамның ішінде 32-ші орынға жайғасты.

Ерлан Нығматулиннің «Информсервис» ЖШС, «ПУЛЬС» ЖШС, «Вираж Сервис Караганда» ЖШС, «Өркен-Medi» ЖШС, «ТРЕНД Капитал» ЖШС, «YDD Corporation» ЖШС, «Qaz Carbon» ЖШС, «QazFerroAlloys» ЖШС, «Қаражыра» АҚ үлестері бар.

Сондай ақ, оған тиесілі ферроқорытпа зауыты («YDD Corporation» ЖШС) Қазақстан Даму Банкі желісі бойынша 92 млн долларға несие тарту арқылы салынды.

Ал Нұрлан Нығматулинның ресми түрде бизнеске қатысы жоқ іспетті.

Ulysmedia.kz егіздердің қызмет жолын еске түсіруді ұйғарды. Олар 1962 жылы туған Қарағанды қаласында туған. Политехтен кейін Нұрлан Нығматулин «Қарағандыоблгаз» бойынша автоколоннаның инженері болып жұмысқа орналасты, содан кейін комсомол желісі бойынша ілгерілей бастады. 1990-1993 жылдары Қазақстан Жастар Ұйымдары комитетінің төрағасы, кейін «Тенгри» қазақ-американ бірлескен кәсіпорнының президенті болды.

1995 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 1999 жылы — Астана әкімінің орынбасары, 2002 жылы – Көлік және коммуникация вице-министрі болды. 2004 жылы ПӘ-ге басшының орынбасары болып оралды, 2006-2009 жылдары Қарағанды облысының әкімі болып жұмыс істеді. Сондай – ақ біраз уақыт ҚР Президенті әкімшілігін басқарды — осы лауазымнан ол 2016 жылғы маусымда Мәжіліс Спикерінің орынына ауысты.

Ерлан Нығматулин кооперативтік институтты бітіріп, еңбек жолын Жезқазған облыстық атқару комитетінің сауда басқармасының ревизоры қызметінен бастады.

1984-1991 жылдары Жезқазған асханалар мен мейрамханалар тресінің орынбасары, кейін директоры, облыстық сауда басқармасының сауда-сатып алу базасының директоры болды. 1991-1993 жылдары «Жезқазғантүстімет» ҮЕҰ жұмыс жабдықтау бөлімінің бастығы, Балқаш қаласының директоры болып жұмыс істеді.

1993 жылдан бастап ол «Ер-Қанат» сауда үйін, «Импульс» ЖШС басқарды. 1999 жылдан 2015 жылға дейін Парламент депутаты болды.

Еске сала кетсек, биыл Ерлан Нығматулинның бизнесмен достарының біріне қымбат коньяк тарату еткені қатты талқыланды.

Нығматулиндердің үрім-бұтағы арасында мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы Ерлан Нығматулинның қызы Малика Бектұрова көзге түсті. 2008 жылдан бері астана әкімдігінде қызмет істеді, соңғы 5 жылда орынбасар болды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болған Малика Бектұрова екі ай бұрын «Green Mine» компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалған. «Green Mine» — техногенді минералдық қалдықтарды қайта өңдейтін компания.Ол күйеуі Азат Бектұровтың тегіне ауысқан.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.