A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қабірді қайта ашуға бола ма?» – ҚМДБ жауап берді (ВИДЕО)

282

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қабірді қандай жағдайда ашуға болатынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы айтып берді.

Оның айтуынша, қабірді үш жағдайда ғана ашуға болады екен.

«Қабір тек зәру жағдайда ғана ашылады. Мысалы, мәйіт жатқан жерді су басса, яғни мәйіт судың астында қалса немесе ол біреудің меншігіндегі жерде жерленсе, жер иелері «мына мәйітті алып шығып кет» десе. Үшінші жағдай, қылмыстық істі анықтау үшін қабірді ашуға мәжбүр болса, бәрі соған келіп тірелсе, сонда ғана қабірді ашуға шариғатымыз рұқсат береді», – дейді Сансызбай қажы.

Еске сала кетсек, полиция қызметкерлерінің қабірден адамдарды қазып алып кетіп жатқанын жазған болатынбыз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.