A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауқымды арнайы операция: Қазақстанның бірнеше өңірінде шенеуніктер ұсталды

221

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанның бірнеше облысындағы ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ШҚО бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы В.Айламазянді, Жамбыл облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Күлкеевті және Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Б.Ізімтаевты ұстады», — делінген хабарламада.

Ведомство өкілі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын айтты.

Шенеуніктерге нақты қандай айып тағылып отырғаны әзірге белгісіз.

Ресми деректерде Шығыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Гайламазян, Жамбыл облысы бойынша АШБ басшысының орынбасары Ерлан Күлкеев, Маңғыстау облысы бойынша АШБ басшысының орынбасары Бақтыбай Ізімтаев екені айтылған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.