A place where you need to follow for what happening in world cup

Тәртіпсіздіктер кезінде арматура таратқан Алматы және Алматы облысының 6 тұрғыны тұтқындалды

271

Қаңтарда орын алған тәртіпсіздіктерге қатысқан Алматы және Алматы облысының 6 тұрғыны қамауға алынды. Олар темір арматуралар таратқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Тәртіпсіздіктерге қатысқан және темір арматура таратқан Алматы және Алматы облысының 6 тұрғыны уақытша изоляторына қамалды. Олар арматураны әскерилерге қарсы қару ретінде пайдаланған», — деп мәлімдеді Әкімшілік полиция комиеті басқармасының басшысы Бағланбек Айтпаев.

Күдіктілер жедел-іздестіру шаралары аясында қамауға алынған.

Сонымен қатар Айтпаев Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық іздеуде болған Жамбыл облысының тұрғыны ұсталғанын айтты. Ол Жамбыл облысы Шу ауданы Төле ауылында 5 қаңтар күні Nur Otan партиясының әкімшілік ғимаратын өртеуге қатысқан.

Іздеу шаралары аясында барлығы 4 000-нан аса қылмыс тіркелген. Олардың 300-і қоғамдық орындарда, 80-і көшеде болған.

Қылмыс ең көп тіркелген аймақтар қатарында ШҚО, Алматы, Қарағанды облыстары және Алматы мен Шымкент қалалары бар.

Айта кетейік, бұған дейін Елбасына арналған ескерткішті бұзғандарға қатысты тергеу басталғаны туралы хабарлаған едік.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.