A place where you need to follow for what happening in world cup

Әкім болмай жатып, петиция жарияланды: Алматылықтар қаланың жаңа басшысына қарсы қол жинауда

225

Бүгін 31 қаңтар күні Ерболат Досаевтың Алматы қаласының әкімі болып сайланғаны белгілі болды. Алайда бұрынғы Ұлттық банк төрағасының Бақытжан Сағынтаевтың орнын алмастыратыны туралы ақпараттар кешеден бастап тарай бастаған. Тіпті бір күн бұрын Досаевтың сайлануына қарсы шығушылар петиция да жариялап үлгерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Петицияның сайтында автор Владимир Иванов деп көрсетіледі. Онда бұл мәселені тек президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғана шеше алатыны айтылған.

Петицияға қазірге дейін 105 адам қол қойған. Аталған петиция авторлары барлығы 100 мың адамның қолын жинауды мақсат еткен.
Сайтта Досаевтың бұрынғы қызметтеріндегі олқылықтар туралы жазылып, жіті тоқталып өткен.

«2006 жылы Досаев Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі болып тұрғанда Шымкентте 50 бала ВИЧ инфекциясын жұқтырған болатын. Сондай-ақ бұл оқиға депуттаттар министрді  250 миллион теңгеден астам қаражатты мақсатсыз және тиімсіз пайдалану және жарамсыз вакциналарды сатып алу туралы айыптауларынан кейін болды. Осы жанжалдан кейін Ерболат Досаев үлкен саясаттан кетіп, 2012 жылы Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалғанға дейін ол еш жерден көрінбеген», – делінген сайтта.

Сонымен қатар 2012 жылы Досаевтың күтпеген жерден Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің тізіміне еніп, 19-шы қатардан табылғанына ерекше тоқталған.

«2013 жылы Ерболат Досаевтың аты қайта шықты. Оның ведомствосы бірқатар салықтар мен акциздерді, соның ішінде көлік пен тұрғын үйдің бағасын көтеру туралы ұсыныс жасады. Парламенттегі даулардан кейін бұл салық түрлерін «сән салығы» деп аталатын салықпен ауыстыру туралы шешім қабылданды – қазіргі таңдағы көліктер мен тұрғын үйге салынатын салық мөлшерлемелері осылай сақталды. Министр мұнымен бірге ауыз судың бағасын да «сәндік» деп тапқан», – дейді петиция авторлары.

Сайт мәліметіне сүйенсек, салық заңнамасына ұнамсыз түзетулер, екі девальвация, дағдарыс және жекешелендіруден аман қалған Ерболат Досаев 2016 жылы жер митингілерінен кейін күтпеген жерден отставкаға кетеді. Бұдан кейін Ерболат Досаев «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басшысы болып тағайындалған.

Қол жинаушылар Forbes тізіміне түсініксіз түрде енген Ерболат Досаевтың Алматы қаласының әкімі болып сайланғанына таңданыстарын жасырмаған.

«Біз, петицияға қол қойған азаматтар, бұл тағайындауға үзілді-кесілді қарсымыз! Бізге өз әкімімізді әділ түрде сайлауға мүмкіндік беріңіздер! Бұл біздің құқығымыз!», – дейді олар.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.