A place where you need to follow for what happening in world cup

Тоқаев қай уақытқа дейін президент болатынын айтты

2 899

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қай мерзімге дейін президент лауазымында қалатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің президент ретіндегі миссиясы, ең алдымен, бүкіл қоғамды, саяси жүйені және сайып келгенде, экономиканы өзгертудегі оң нәтижелерге қол жеткізу екенін айтты.

«Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауымда саясат пен экономика қатар жүретінін айттым, себебі қазір экономикамен айналысамыз, ал саясат күте тұрады деп айтуға болмайды, тарихымыз саясат та экономикалық қайта құрулар импульсінде өз рөлін атқаратынын көрсетті. Бәріміз, әсіресе менің қатарластарым Марксті оқыдық және Маркстің бұл тақырыпта не айтқанын есімізде сақтаймыз, иә, негіз – экономика, бірақ экономикалық негізге серпін беретін саяси құрылым бар, кейде саяси құрылым экономикалық негізге қарағанда маңызды рөл атқарады. Мұны Маркс айтқан, мен емес», — деді Тоқаев.

Сондықтан да қоғамды саяси трансформациялаумен және экономикалық қайта құрумен бір уақытта айналысу керек, деді президент.

«Бұл менің миссиям. Қалай болғанда да, мен қанша уақыт Қазақстан президенті болатынымды білмеймін, бірақ Конституцияға сәйкес – екі мерзімнен артық емес екенін нақты білемін. Яғни, заңдарды, оның ішінде Конституцияны қайта өзгерту болмайды», — деп түсіндірді Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы парламенттік жүйені реформалау туралы ойы бар екенін жасырмады.

«Мен парламенттік жүйені реформалау туралы шындап ойлап жүрмін. Партиялық жүйені де», — деді президент.

Ол елдегі оппозиция туралы да сөз қозғады.

«Бізде оппозиция бар, бірақ көбіне көшеде. Бірақ партия ішінде де оппозиция бар», — деді ол.

Тоқаевтың айтуынша, саяси мәдениетті тәрбиелеу керек, парламентте бірнеше мықты партиялар болуы керек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.