A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл ауданында 5 310 адам жұмыспен қамтылды

189

Өткен жылы Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде 1 559 адам тіркелген. Жұмыспен қамтуға өтініш білдірген 5 310 азамат мемлекеттік, салалық, өңірлік және аймақтық бағдарламалар арқылы ашылған тұрақты және уақытша жұмыс орындарына тартылды,-деп хабарлайды «munaranews.kz» ақпарат агенттігі.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, техникалық және кәсіптік білім мен қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына 318 адам жолданып, 297-сі тұрақты жұмысқа орналасты.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында өз кәсіптерін дамытып, кеңейту үшін 198 азамат несие алды. Нәтижесінде, 114 адамға қосымша жұмыс орындары ашылды.

Бизнес идеяларды іске асыру үшін 598 азаматқа грант берілген. Сондай-ақ «Бастау бизнес» жобасы аясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиалы арқылы кәсіпкерлік негіздерін үйренуге 363 адам жіберіліп, 359-ы сертификат алды.

Жастар практикасы бойынша 177 маманға жолдама беріліп, мерзімі аяқталған 171 жас тұрақты жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 114 азамат, ақылы қоғамдық жұмыстарға 1059 адам тартылды.

Мүмкіндігі шектеулі жандар да назардан тыс қалмаған. Ерекше қажеттілігі бар 164 азамат жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 2 жас «Жастар практикасы» арқылы, 38 адам ақылы қоғамдық, 1 адам әлеуметтік, 74 адам тұрақты жұмыс орындарына тартылған. 15 адам қысқа мерзімді оқу курстарына жіберілген.

Сонымен қатар 10 адамға «Бастау бизнес» жобасы аясында шағын несие беріліп, 14 азамат жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алған.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.