A place where you need to follow for what happening in world cup

«Таза жүрдім, көп сөйлемедім»: Тамара Асар сәби сүю үшін не істегенін айтты

29 524

Тұңғышынан кейін араға 20 жыл салып қыз босанған Тамара Асар сәби сүю үшін қандай амалдар жасағанын айтты. Сондай-ақ күйеуінің кәсібі мен әншілікке деген көзқарасы жайлы сыр шертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тамара Асар 45 жасында қызды болды. Бұл жаңалыққа тыңдарман қауым таңырқай қарады. Көпшілік әншінің «батырлығына» қайран қалды. Осы ретте ол Instagram-дағы оқырмандарына сәби сүю үшін қандай амалдарға барғанын айтып берді.

«Әуелі Аллаға сыйындым, әлемдегі тылсым күштердің бәрінен рұқсат сұрағандай, Әулие Бекет атаға, өз ата-бабаларыма, жолдасымның ата-баба, әке-анасына құран бағыштадым. Біз пендеміз, есту, көру арқылы иланамыз. Ол анамның батасы болды. Таза жүрдім, көп сөйлемедім. Денсаулығыма аса мән бердім. Әрине, дәрумендер қабылдадым. Сөйтіп топырақтың арасынан бидай тары іздеп тергендей бақыт тердім», – деп жазды Тамара Асар.

Бұдан өзге, әнші күйеуінің кәсібін сұрағандарға жауап берді.
«Өндіріс кәсіпкері, темір-терсек, кәкір-шүкір», – деді ол.

Айтуынша, күйеуі оның өнерде жүргеніне құрметпен қарайды екен.
«Ол кісі менің жұмысыма кәсіби мамандық ретінде қарайды», – дейді Тамара Асар.

Сондай-ақ, әнші тұңғыш ұлының мамандығы мен әкесі жайлы сөз қозғады.

«Қамбар — студент. Өзі екі түрлі мамандықты таңдады, екеуін де меңгеруде. Көрерміз. Папасы ертеректе өмірден озған», — деді әнші.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.