A place where you need to follow for what happening in world cup

«Адамдар жазықсыз тұтқындалып жатыр»: Депутаттар бейбіт шеруге шыққандарды босатуды талап етті

236

«Ақ жол» фракциясының депутаты Қазыбек Иса қаңтар оқиғалары кезінде жазықсыз тұтқындалған азаматтарды босатуды талап етті. Тергеуді әділ жүргізу керегін айтып, бас прокурор мен президент жанындағы адам құқығы жөніндегі уәкілге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қаңтардағы қырғында 227 адам қаза тапты, 4500-ден аса адам зардап шекті. Мұндай қасиетті қазақ тарихына қара таңба салған қанды қасірет қайта қайталанбауы үшін мемлекеттік төңкерісті жасамақ болған кімдер, басшысы кім, қосшысы кім, орындаушылары кімдер, бәрі түгел анықталып, толық жауапқа тартылуға тиіс. Ереуіл кезінде бейбіт шеруге шыққаны үшін көп адам, әсіресе, жастар жазықсыз тұтқындалып, соққыға жығылып, азапталып жатыр. Оған нақты мәліметтер мен видеолар дәлел. Әлеуметтік желілерде де жиі жазылып жүр”, – дейді ол.

Депуттат тек қылмыс жасағандар ғана жауапқа тартылуға тиіс екенін жеткізді. Оның ойынша, бұндай жазықсыз жандарды тұтқындап, азаптау – нағыз арандату, мемлекетке, президенттің саясатына қарсы қасақана жасалып жатқан қастандық.

“Өйткені президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір істің әділ тергелуін, тіпті ауырлататын мән-жай болмаса, жазаларын жеңілдету керек деген талап қойды. Әркімнің әрекетіне әділ баға беру үшін, алдымен, лаңкестер мен экстремистерді, содырлар мен қарақшы-тонаушыларды бір бөлек, ал бейбіт шеруге шыққандарды бір бөлек қарастыру керек”, – деді Иса.

Оның айтуынша, түрлі ақпараттарда қазір содыр жейтін соққыны момын да жеп жатқаны айтылуда. «Ақ жол» партиясы түсіп жатқан арыздарға байланысты осындай талаппен бұған дейін де бірнеше рет бас прокуратураға хат жазған.

“Арыз-шағым көбейгендіктен, президент жанындағы Адам құқығы жөніндегі уәкілдіктің арнайы топтарына жергілікті мәслихат депутаттарын қосуды ұсындық. «Ақ жол» партиясы тергеудің әділ әрі ашық өтуін талап етеді! Халықтық бақылау ғана заңсыздықтың жолын кесуге зор үлес қосады”, – дейді депутат.

Бұнымен қоса депутаттар тергеуді заң жолымен әділ өткізуді, қамаудағыларды азаптауды тоқтатып, жаралыларды ауруханаға жатқызуды талап етеді.

Сондай-ақ олар адам құқығы жөніндегі уәкілдік жанынан комиссиялар құрып, парламент пен жергілікті мәслихат депутаттарын, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерін қосуды ұсынды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.