A place where you need to follow for what happening in world cup

ERG «Қазақстан халқына» қорына 30 млрд теңге бағыттайды

181

Eurasian Resources Group ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдап, әлеуметтік жауапты компания ретінде арнайы құрылған «Қазақстан халқына» қорына 30 млрд теңге бағыттады.

ERG кәсіпорындары 27 жыл бойы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына тұрақты әрі сүбелі үлес қосып келеді.

Осы 27 жыл ішінде Еуразиялық Топтың өңірлерге құйған инвестицияларының жалпы көлемі 1 млрд доллардан асты. Соның ішінде облыс әкімдіктерімен дәстүрлі түрде жасалатын жыл сайынғы Меморандум аясындағы қаражат та бар.

Компания қолдауымен әлеуметтік, білім беру, спорт пен медициналық инфрақұрылымды дамуту қамында 100-ден астам нысан бой көтерген (олардың әрқайсысы туралы толымды ақпарат сілтемеде).

2021 жылы жаңа «ERG mektepke» бағдарламасы қолға алынды. Ол топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерде орта білім беру жүйесін қолдап, инженер-техникалық мамандықтар мен ақпараттық технологияларды кеңінен тартуды көздеген. Ауқымды бағдарлама бүгінде 280 мектепті қамтыды.
Бұдан бөлек, 2017 жылдан бері ERG «Студенттер кәсіпкерлігінің экожүйесі» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Ол жастар мен оқытушыларға кәсіпкерлік саласында қажетті дағдыларды меңгеруге септесті. Бес жылда 5 мыңнан астам студент кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерген. Ондаған бизнес идея жүзеге асып, жаңа жұмыс орындары құрылды. 2019 жылы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жобаға қатысушы жастармен Қостанай қаласында жүздесті.

Хромтау, Рудный, Қашар, Октябрьский кенті, Ақсу мен Ақтөбе қалаларында Топ кәсіпорындарының спорт кешендерінде балаларға тегін спорттық секциялар ашылып, онда 2 500 бала спортпен тұрақты шұғылданып жүр.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ERG 377 млрд теңге салық төлеген. Бұл 2020 жылғы меже –  228 млрд теңге көлеміндегі ERG-дің толық салық үлесінен 65% көп.

ERG 2016 жылдан бері қызметкерлерінің еңбекақысын жыл сайын тұрақты ұлғайтып келеді. Халық көптен тқтынатын тауарлар бағасының өсімне орай, 2021 жылы еңбекақы 2 мәрте өсірілген. 2022 жылы қаңтардың 1-інен бастап, Топтың қазақстандық кәсіпорындарындағы өндірістік персоналдың еңбекақысы орта есеппен 20-35% өсті. Бұл мақсатқа ERG қосымша 70 млрд теңге бағыттады. Толымды ақпарат сілтемеде.

ERG ел дамуына компания тікелей үлесінен бөлек, экономиканың ілгерілеуіне жанама түрде де ықпалын тигізіп отыр. Топ кәсіпорындары орналасқан барлық өңірлерде бизнестің дамуына барынша септесіп келеді. Тек 2019-2020 жылдары ERG қолдауымен осы өңірлердегі бизнес 4,56 трлн теңгенің өнімін шығарды.

Қазақстандағы 60 мың адамдық еңбек ұжымдарынан бөлек, Топ елде 146,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнының құруылуына септесіп, қолдап отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.