A place where you need to follow for what happening in world cup

Лауазымынан босатылған Назарбаевтың құдасы ұшақта мас күйінде отыр

110

25 қаңтар күні президент Тоқаевтың бұйрығымен қызметінен босатылған Орталық сайлау комиссиясының экс-төрағасы Берік Имашевтың ұшақта отырған фотосы әлеуметтік желіде тарады.

Orda.kz Telegram-ботына оқырмандарымыздың бірі Имашевтың ұшақтың ішінде отырған фотосын жіберді. Фотодан экс-шенеуніктің бизнесс-класспен ұшып бара жатқанын байқауға болады.

Оқырманның айтуынша, Берік Имашев лауазымынан алынғаны туралы хабар тараған уақытта Алматыдан Астанаға ұшты. KS 853 рейсі. Экс-шенеуніктің үстінен алкогольдің иісі шығып тұр.

Имашев ОСК-ны 2016 жылдың қыркүйегінен бері басқарып келді. Ол бұл қызметке өткен жылы қайта сайланды.

61 жастағы Имашев әр жылдары Әділет министрлігін басқарған, президент әкімшілігі басшсының орынбасары, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған.

Оның қызы Аида Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевке тұрмысқа шыққанына 20 жылға жуықтады. Имашев Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен айырылған бұрынғы президенттің бірнеше туыстарының бірі.

Дариға Назарбаева осы уақытқа дейін өз орнын сақтап қалған жалғыз адам – ​​ол билеуші «Nur Otan» партиясынан мәжіліс депутаты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.