A place where you need to follow for what happening in world cup

Маминнің миллиардтарды жымқырып кеткені рас па?

162
Саясаттанушы Санжар Боқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Үкіметтің бұрынғы басшысы Асқар Маминді тергеуі керек деп есептейді, деп хабарлайды kznews.kz сайты ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

«Бүгінгі маңызды тақырып – люстрация деп аталады. Ол не деген сөз? Люстрация – дәл қазіргі уақытта бұрынғы билікке биліктің лауазымын орындауға шектеу қою. Яғни оларға мемлекетті басқаруға және мемлекеттік басқару жүйесінде саяси лауазымды атқаруына жол бермеу», — дейді Санжар Боқаев фейсбуктегі парақшасында.

Саясаттанушы өзінің телеграм-арнасында қолданушылардан «қандай адамдарды келешекте жоғары лауазымнан алып тастауы, антикор кімді тексеруі керектігін» сұраған. Ол сауалнамаға 7 мыңнан астам адам қатысып, біразы Маминнің атын атаған.

«Сол себепті президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маминнің премьер-министр болған кезіндегі жұмысын жіті тексеріп, оның бұрынғы жұмыстарын, оған қатысты басқа да адамдарды електен өткізуі тиіс. Ұзақ уақыт бойы мен индустрия министрлігі мен автоөндірістің схемалары туралы айтып келдім. Сол шаруалардың бәрі де Маминнің үкіметіне тұспа-тұс келеді. Яғни негізгі құжаттардың бәрінде сол кісінің қолы тұрады. Дәл осылай істі бүлдіріп, өз талап-тілегімен отставкаға кете салуға бола ма?» — деп сұрайды саясаттанушы.

Саясаттанушы Қазақстанда екі тауық ұрлаған адам сотталып, миллиардтарды жымқырған адам жазасыз кететінін айтады.
«Президент Тоқаев сол схемалардың бәрі білмейді дегенге сенбеймін. Егер сіздер жемқорлықпен ашық күресеміз десеңіздер, мархабат – солардан бастаңыз. Оларды елден жіберуге болмайды. Тергеу жүргізіп, жазалап, дәлелдеп, мемлекетке жүздеген миллиард долларды қайтару керек. бұл біздің салық төлеушілердің ақшасы. Өзім үшін сұрамаймын. Біздің қазақстандықтардың осындай орасан зор қомақты қаражатын қайдағы біреулер сыртқа алып шығып жатқанына жаным ашиды. Миллиардарды жымқырып кете салуға болмайды», — дейді ол.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.