A place where you need to follow for what happening in world cup

Екібастұзда ата-енесі келінін үйден қуып, баласын тартып алған

227

Екібастұзда ата-енесі келінін үйден қуып, оның баласын тартып алған. Олар мұндай қадамға екі жас ажырасқаннан кейін барған. Оқиғаға полицияның кірісуіне тура келді, деп хабарлайды «munaranews» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас әйел полицияға шағым түсірген. Ол 2 жас 8 айлық қызын қайтаруды сұрап, жылап келген. Айтуынша, ол үш айдан бері қызына жете алмай отырған. Қызды бұрынғы ата-енесі алып қалған. Күйеуі басқа отбасыға кеткен соң, ата-енесі оны үйден қуып, баланы алып қалған. Ал құжатта қыздың әкесі атап көрсетілмеген.

Полицейлердің көмегімен жас ана қызымен қауышты.

«Кішкентай қыздың көзінен қуанышты көру –  әр полицей үшін үлкен марапат. Ал ана мен баланың көзінен қуаныш пен махаббатты көру – теңдессіз», –  дейді Екібастұз ювеналді полициясының аға инспекторы  Фатима Ахмечанова.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.