A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысуда бір ай ішінде 1 538 адам ревакциналанды

343

Парламент мәжілісінің отырсында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Үкіметке коронавирус инфекциясына қарсы жұмыстарды үдете түсуді тапсырды.

Осы ретте жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирусты емдеуде жаңа препараттар қолданылатынын мәлімдеді.

Ал, бүгінде Сарысу ауданында «Pfizer» вакцинасын ерікті түрде қабылдаушылардың қатары артқан. Ауданға балалар мен жүкті және емізулі сәбиі бар әйелдерге арналған вакцинаның 1800 дозасы жеткізілген.

Жалпы аудан бойынша 6 вакцина егу пункті ұйымдастырылды. 2022 жылдың 12 қаңтардағы жағдай бойынша «Pfizer» вакцинасын ауданда 886 адам ерікті түрде салдырған.

Сондай-ақ, ауданда ересектерді ревакцинациялау жұмыстары да жүйелі жүруде. Азаматтар соңғы екпе алған уақыттан 6 ай мерзім өткенде «KazVak», «HayatVak», «СпутникV» вакцинасының үшініші компонентін қабылдауға толық мүмкіндіктері бар. Өткен жылдың желтоқсан айында басталған ревакцинасы бойынша ауданда 1538 адам (12 қаңтардағы мәлімет) ерікті түрде екпе алған.

Сондай-ақ, ауданда екпе салу бойынша ата-аналарға түсіндірме жұмысын жүргізу үшін құрамында жергілікті амбулатория дәрігерлері мен психолог-социолог мамандары бар ақпараттық топ құрылған.
Жалпы халықты тіркеу жүйесі (РПН) бойынша ауданда екпе алуға жататын азаматтар саны 5 мыңнан асып жығылады. Олардың ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны – 4 723 болса, 16-37 апталық жүкті әйелдер саны – 313 адам. Сондай-ақ, бұл санатқа 175 бала күтімімен отырған ана кіреді.

Айта кетейік, еліміздің бас дәрігері халықты вакцинациялау және қайта вакцинациялау жалғасатынын, ол үшін шамамен 6,5 млн доза вакцинаны қосымша сатып алынатындағын айтты.

Ведомства басшысының мәлімдеуінше, елімізде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлаған.

Нұрсұлтан Рахымбай,
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.