Ағымдағы жылдың 25 тамызында Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ақпараттық түсіндіру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен Жамбыл ауданы, Гродеково ауылдық округі Мәдениет үйінде және Қызықайнар ауылдық округтары әкімдігінде Аудандағы этномәдени орталық өкілдерімен, этносаралық сала мамандарымен «Ұлттар достығы» және «Туған өлке» атты семинар-тренингтер ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға ауылдык оркугтерде тұратын ұлт өкілдері, этномәдени бірлестік төрағалары, ауыл ақсақалдары қатыстырылды. Іс-шараға Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының жетекші сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлы арнайы қатысып, ауданда тұратын ұлттардың жұмыстарына, ауызбіршіліктеріне жоғары баға беріп, ауылдағы ұлттардың достықтары өзге аудандарға үлгі екендігін атап өтті. Ербол Бектұрғанұлы Қазақстан халқы ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстарына тоқтала өтіп, тұрғындарды бірлесе бірлік пен тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында жұмыс жасауға шақырды.
Іс-шаралар барлық санитарлық шектеулерді негізге алу арқылы, арақашықты сақтай отырып қатысушылардың толық медициналық маскада қатысуын қамтамасыз етіп өткізілді.