A place where you need to follow for what happening in world cup

«АулаFit» – салауатты өмір бастауы

225

«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «АулаFit» жобасы бойынша халық үшін спорт сабақтарын

тұрғын үйлердің аулаларында ұйымдастыру әлеуметтік жобасы аясында

Таразқаласы, Шағынаудандар: — «Астана» (12) № 23/26 үйдің ауласы — спорт алаңы, ш/а. «Мыңбұлақ» (9) аула 21-үй-әмбебап спорт алаңы, ш/а. «Қаратау» (2), аула 1/5 — спорт алаңы, ш/а.»Талас»(6) аула 9 үй-спорт алаңы, «Тункуруш» массиві №12-13 үй-спорт алаңы, Қазыбек би көшесі №143 үй-спорт алаңдарында бұқаралық спортпен тұрғындардың жаттығу жасауын ұйымдастырылуда.

Жоба мақсаты: барлық жастағы тұрғындарды дене шынықтыру мен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту. Бұқаралық спортпен шұғылданатын халықты қамтуды ұлғайту.

Бүгінгі таңда әр аулада аптасына 3 рет дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері таңғы және кешкі жаттығулар ұйымдастырылып, өткізілуде. Жаттығу жұмыстарына аула тұрғындары, жастар, оқушылар сонымен қатар үлкен жастағы аула тұрғындары көбірек тартылуда. Жаттығу жұмыстары  қыркүйек айынан бастау алды. Жоба жыл соңына дейін жалғасатын болады. «АулаFit» жобасына күннен күнге қатысушылар, таңғы және кешкі  жаттығу жұмыстарына қатысатын тұрғындар саны күннен күнге артып келеді. Қуантарлығы жобаға қатысушы тұрғындар 1-реттік емес бұқаралық-спортпен тұрақты айналысуды әдетке айналдыруда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.