A place where you need to follow for what happening in world cup

Жуалыда өндіріс ошақтары 10,3 млрд. теңгенің өнімдерін өндірген

243

Жуалы ауданының экономикасы қарқынды дамып келеді. Бұл істе аудандағы өнеркәсіп  ошақтары мен кәсіпкерлер елеулі үлес қасуда. Мәселен, аудандағы өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2019 жылы 10 380,7 млн. теңгенің өнімдерін өндірген. Бұл туралы аудан әкімі Нарбай Ергебеков өзінің қорытынды есеп беру жиынында айтты.

– 2019 жылы аудан көлемінде 4792 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілер саны 330-ға артып отыр.

 Ауданда 5 шағын микрокредиттік ұйымдар 4501 адамға 2 628,9 млн. теңге несие берді. «Бизнестің жол картасы — 2020»  бағдарламасын аясында инфрақұрылымды дамыту мақсатында 15 жоба, «Даму» КДҚ-ның қолдауына ие болып 297,5 млн теңге несиеге қол жеткізді.

Кәсіпкерліктің өріс алып, дамуы үшін қызмет сапасы мен ұсынылатын өнімнің қауіпсіздігі басты рөл атқаратыны түсінікті. Бүгінгі күні өздеріңізге мәлім 2 жыл бойы көтерілген күрмеулі мәселе- Б. Момышұлы ауылы Үсенов көшесінде орналасқан орталық базар маңын кеңейту, сауда орындарын ретке келтіру жұмыстары атқарылды. Базар маңын абаттандыру жұмысы қолға алынып, Мәншүк Мәметова, Ыбырай Алтынсарин көшелерінің бойына 800 метр су ағар лотоктар қойылды. Аталған орында Оңласын Бүтінбаев 80 орындық жабық көкөніс базарын,  Лечи Оздамиров 20 орындық жабық сауда орнын ашып ел игілігіне жұмыс жасауда, – деді айдан әкімі есебінде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.