A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылдықтардың құқықтық сауаттылығы арттырылуда

177

Жамбыл облысы Жуалы ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестгінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында іс-шараларды ұйымдастыруатты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 7-25 қыркүйек күндері аралығында Жамбыл облысы Жуалы ауданының 30 елді мекенін қамти отыра Ақсай ауылдық округі, Ақтөбе ауылдық округі, Бауыржан Момышұлы ауылдық округі, Билікөл ауылдық округі, Боралдай ауылдық округі, Жетітөбе ауылдық округі, Көкбастау ауылдық округі, Күреңбел ауылдық округі, Қарасаз ауылдық округі, Қошқарата ауылдық округі, Қызыларық ауылдық округі, Мыңбұлақ ауылдық округі, Нұрлыкент ауылдық округі, Тоғызтарау ауылдық округі, Шақпақ ата ауылдық округтерінде топтастырып «Құқықтық сауаттылық кеңес беру алаңын»өткізді.

Кеңес беру алаңының арнайы маманы ретінде Жамбыл облысы «Руахани жаңғыру» жобалық офисінің басшысының орынбасары, заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы шақырылды. Кеңес беру барысында бүктеме қағаздар таратылып, жергілікті халықтың хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалдар алынып, тұшымды кеңестер берілді. Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы Қаржылық сауаттылығы туралы және қоғамдағы қаржылық сауаттылықтың енгізгі тетіктері туралы сөз қозғалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.