Таразда «Елбасы – жастар тірегі» фестивалі өтті — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда «Елбасы – жастар тірегі» фестивалі өтті

Бүгін білім басқармасының ұйытқы болуымен Тараз қаласындағы «JASTAR» аллеясында Елорда күніне орай «Елбасы – жастар тірегі» атты фестиваль өтті.

Аталған фестивальдің негізгі мақсаты жастарға, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы мәлімет беріп, азаматтарды өз Отанын қорғауға, туған жерін сүюге, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу болды.

Іс-шара барысында Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері қолөнер бұйымдары мен астық өнімдерінен көрме ұйымдастырып, өнерлерін ортаға салды.

Фестиваль соңында колледждердің белсенді студенттері «Ең үздік волонтер – 2020», «Білім үздігі», «Ең үздік өнер қыраны – 2020», «Ең үздік спортшы – 2020» номинацияларымен марапатталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.