A place where you need to follow for what happening in world cup

Жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ міндет

333

Бүгінде сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу күн тәртібінен түскен емес. Осыған орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу әдістемесі бойынша мемлекеттік қызметтегі заңгерлерге арналған семинар өтті.

Басқосуға аймақтағы мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйым өкілдері мен заңгерлер қатысты. Мемлекет басшысы Жолдауда орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажет деген болатын. Қаізргі таңда осы заңнамаға өзгерістер енгізілді.

Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң жобасы түсіндірілді. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМДІ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Зәуреш БАТТАЛОВА семинарда дәріс оқып, құнды ақпараттарымен бөлісті.

«Аталған заңнамадағы өзгерістерге елімізде сараптама жүргізіледі.Барлық өңірдегі оқыту жұмыстары аяқталған соң, заңгерлер пулы қарастырылады», деп ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ЖОБ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Равиль ТӨЛЕБАЕВ оқуға қатысты пікірін білдірді.

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сетификаттар табысталады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.