«Отбасы сайысы» облыстық турнирі өтті — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«Отбасы сайысы» облыстық турнирі өтті

Бүгін Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтың спорттық алаңшасында «Отбасы сайысы» атты облыстық турнирі өтті.
Білім басқармасының Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы ұйытқы болған спорттық сайыс Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Спорттық шараның негізгі мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Ашық алаңда өткен спорттық сайысқа облыс бойынша 6 отбасы қатысып, өзара бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімінен командалық есептеІ орынды – Тараз қаласынан қатысқан Эсатовтар отбасы жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынды – таластық Битеновтар отбасы, ал ІІІ орынды – тараздық Тауасаровтар отбасы қанжығысына байлады.
Турнир соңында жеңімпаздар мақтау қағазымен және медальмен марапатталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.