Құрметті мәдениет және өнер саласы қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің ауданда жұмыс істейтін 46 мәдени мекемеде 227 адам еңбек етеді. Халықпен тікелей жұмыс істейтін, күні-түні тыным таппайтын – осы сала қызметкерлері. Сондықтан мәдениет саласы еңбеккерлері қандай құрметке де лайық.
Мейрамдар – сіздер үшін дағдылы жұмыс күндері. Еңбексүйгіштіктеріңіздің және шығармашылықтарыңыздың арқасында өңіріміздің мәдениеті жылдан жылға көркейіп келеді. Өңіріміздің мәдени және рухани мұрасын сақтауда сіздер атқарар міндеттің абыройы зор. Ұлттық құндылықтарды сақтап, ынтымақтастық пен келісімнің негізін қалап, сабақтастық ізін жалғайтын мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері.
Өңіріміздегі мәдениет саласының қарқынды дамуының бірден-бір көрсеткіші – шығармашылық ұжымдардың халықаралық байқаулар мен фестивальдерде жеткен жетістіктері мен жеңістері.
Мерейлі мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыстар мен жасампаз бастамалар тілеймін!
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық