A place where you need to follow for what happening in world cup

25 қазан — Республика күні!

875

Республика күні — бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты — Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.Егеменді мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары ретінде мыналар белгіленді: біртұтас мемлекет, аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту.Бүгінде біз Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы, сондай-ақ оның әлемдік аренадағы жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз. Республика күні мерекесіне орай Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өткізілді.аталған іс-шараға ҚАЖ департаменттің басшылығы, сала ардагерлері және жеке құрам қызметкерлері мен ата-аналары қатысты. Сонымен қатар департамент бастығы әділет подполковнигі Жәнібек Жамалбекұлы Қосжанов Қаж саласының дамуына өзіндік үлесін қосқан бірқатар ардагерлерді, қызметкерлер мен ата-аналарын мерекемен құттықтап марапаттар табыс етті. Салтанатты шара соңы өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.