A place where you need to follow for what happening in world cup

2 ірі инвестициялық жоба қолға алынбақ

9

Талас ауданында жалпы құны 29 миллиард теңгеге жуықтайтын екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Инвесторлар өз жобаларын жүзеге асыруда негізінен ауданның географиялық ерекшелігіне баса мән берген. Мәселен «Вин Пауер Сити» және «Вин Электрсити» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қолға алған жел электр энергиясын өндіру жобасының құны 3 миллиард 700 миллион теңге құрайды. ЖЭС-тің қуаттылығы 9 мегаватқа тең.
Сонымен қатар «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестінің қуаттылығын 15 мың тоннадан 30 мың тоннаға дейін көтеру мақсатында зауыттың жанынан қосымша цех соғу жобасын қолға алынбақ. Қазіргі таңда жалпы құны 25 миллиард теңгегені құрайтын цехтың құрылысы жүретін аумақты иелену бойынша зауыт басшылығы мен жергілікті атқарушы орган жетекшілері арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Нысан орналасқан аумақ бұған дейінде жеке меншікте болған екен.
Жалпы Талас ауданында ағымдағы жылдың басынан бері негізгі капиталға 6 миллиард 94 миллион 500 мың теңге инвестиция салынған. Бұл көрсеткішті өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 331 миллион теңгеге артық.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.