Калашников автоматын қолдану бойынша оқу-жаттығу өткізілді — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Калашников автоматын қолдану бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінің кіші басшы құрамы арасында Калашников автоматын қолдану бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Мұндай жаттығулар қызметкерлердің қаруды дұрыс пайдалануын, атыс дағдыларын жетілдіруін және төтенше жағдайларда жылдам әрі тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Оқу-жаттығу барысында:
•Қаруды қауіпсіз қолдану ережелері,
•Дәлдік пен шапшаңдыққа бағытталған тәжірибелік атыс,
•Қаруды жинау және бөлшектеу,
•Төтенше жағдайларда әрекет ету тактикасы қарастырылған.
Мұндай дайындық шаралары құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және олардың қызметтік міндеттерін тиімді орындауына септігін тигізеді.
Қылыш Аңламасұлы,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінің
тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің
кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі
аға инспекторы, әділет аға лейтенанты 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.