«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті.
Бас бостандығынан айыру орынынан босатуға дайындық кезенінде бағдарламаға сәйкес психологиялық, медициналық, әлеуметтік-құқыктық көмек, еңбекке және тұрмыстық орналастыру, отбасымен оң байланыстарды нығайту мәселелерінде тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді.
Сотталғанмен босатылатын күніде қолдау және консультациялық көмек көрсету шеңберінде, оны одан әрі әлеуметтік бейімдеу бағытын әзірлей отырып, мекемеге Еңбек мобильдігі орталығы Тараз қаласы бойынша «Мансап орталық» филиалынан білікті маман, Жамбыл облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция кызметімен және Тараз қалалық № 2 пробация қызметінен қызметкер шақыртылды.
Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы кезінде: босатылатын сотталғанға ҚР- ның Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту және оңалтуға жәрдем көрсететін мемлекеттік мекемелердің байланыс деректерін, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелу, денсаулық сақтау орындарында есепке қою және т.б тәртібін қамтитын жадынама табыс етілді.
Бостандыққа шыққан сотталғандарды қақпа алдында ұзақ уакыт бойы бостандықта сағына күтіп жүрген анасы мен бауырлары асыға қуана қарсы алды.

Меруерт Мыркалиева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.