Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде 25-желтоқсан Психолог күні аталып өтті. Жақсы психолог – рухы таза, ой-өрісі биік, уақытпен санаспай табандылық пен шыдамдылықтың үлгісін көрсететін, өз бойындағы асыл қасиеттер мен білімін басканың бақыты мен кәдесіне жарата білетін, жаңашылдықтың бастаушысы болып табылатын №67 мекеменің психологтарының кәсіби мерекесімен кұттықтап мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Марғұлан Берікұлы мен кадр саясатының бастығы әділет капитаны Айгерім Бауыржанкызының ұйымдастыруымен аттестатталған АКАТЖдӘП бөлімшесінің инспектор психологы әділет аға лейтенанты Айгуль Ергешовна Аташеваны және мекеменің еркін жалдамалы психологтары Жанар Сералиевна Джумалиева мен Сауле Сержанкызы Азимханова мекеме бастығының «Алғыс хатымен» марапатталып сыйлықтары табыс етілді.
Демек адам өмірінде психикалық денсаулық та физикалық денсаулық сияқты өте маңызды және бір бірімен тығыз байланысты, яғни тергеудегі бас бостандығынан айырылған тұлғалар және арнайы контингенттермен жұмыс жасау олардың мінез құлқын, ой-санасын, іс-әрекетін психикалық ауытқуын айқындау күрделіде жауапты жұмыс болғандыктан психологтың жұмысы мен орны ерекеше қажетті.
Меруерт Мыркалиева