A place where you need to follow for what happening in world cup

1 514 жол белгісінің 443 нормативтік талаптарға сай келмейді

198

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» филиал қызметкерлері өткен жыл ішінде 247 нысанға 860 іссапар жасады. Оның ішінде, республикалық жолдардағы 31 нысанға 613, жергілікті автомобиль жолдарындағы 198 нысанға 232 іссапар ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, мамандар жол белгілері мен жол таңбаларын тексеріп, ақаулар барын анықтаған.

Тексеріс нәтижесінде «Қазақавтодор» мекемесінің жол қауіпсіздігі қозғалысы басшысына айыппұл салынса, бес серіктестіктің басшылары да айыппұл төлеуге мәжбүр болған. Кейінгілері облыстық маңызы бар жолдарда көктемгі жол бақылауы жұмыстарына салғырттық танытқан. Жалпы, жол белгілері мен жол таңбаларын тексеру барысында әкімшілік полиция басқармасына арнайы хат жолданған. Айта кетейік, сарапшылар тексерген 1514 жол белгісінің 443 нормативтік талаптарға сай келмейді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.