«Жаңа есім-2022» — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«Жаңа есім-2022»

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 10 маусым күні өтетін шығармашыл жастардың «Жаңа есім-2022» облыстық жобасының Гала-концертін тамашалауға шақырамыз.
Жоба жеңімпаздары Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық фиалармониясының танымал әншілерімен бірге бір сахнада өнер көрсететін болады.

Өтетін орны: «Баласағұн» орталық концерт залы, сағат 17.00
Байланыс телефондары: 50-15-64, 87059976935
Кіру тегін!
КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.