Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар 2022 жылдың мамыр айында үш үлкен мейрамды атап өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұлар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні.

1 мамыр жексенбі күнге түскендіктен, қазақстандықтар 2 мамыр күні де демалады.

Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр сенбі күніне дәл келгендіктен, демалыс күні 10 мамырға ауыстырылады. Жеңіс күнімен қоса есептегенде, ел тұрғындары 7 және 10 мамыр аралығында бірден 4 күн демалады.

Осылайша мамырда жалпы демалыстар саны 5 күндік жұмыс аптасы үшін 12 күн , 6 күндік жұмыс аптасы үшін 8 күн болмақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.