Смартфон камераларының көзін жауып қоятындар-параноид па? — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Смартфон камераларының көзін жауып қоятындар-параноид па?

Кейбіреулер ноутбук, ұялы телефон, смартфондарының камерасының көзін жауып қоятын адамдардың сыртынан күледі.Бірақ бұл өте пайдалы әдет екенін сіз білесіз бе?

Егер сіз өзіңіздің гаджетіңізді сыртқы шабуылдардан
қорғағыңыз келсе, сіздің параноид ауру екеніңізді білдірмейді, деп жазады
The Dayli Mail британдық сандық қауіпсіздік сарапшыларына сілтеме жасай
отырып.Олардың айтуынша хакерлер шыныменде экран көзі арқылы сізді
бақылап отыруы әбден мүмкін.Сіз әлеуметтік желілерден жазып алған
қосымшалар арқылы , немесе түрлі ақпараттарды жүктеу кезінде хакерлер
камера кодына шабуыл жасауы мүмкін.Пайдаланушы камераны өшіріп
қойсада, оны қайта қосып ала алатын вирустар бар-, деп түсіндіреді
мамандар.Сондықтан, мамандар смартфоныңыздың қосымша
мессенджерлерін тұрақты жаңарту жүйесін өшірмеуге кеңес береді.Жақында
қауіпсіздік мамандары Google chrome шолғышынан жиырма алты осалдықты
тауып, оны жаңартуды сұрады.

Дегенменде, сізді көруге тырысатын
хакерлерден құтылудың ең тиімді жолы камераның көзін жауып қою.Сізде
жеке маңызды әңгімелер, құпия жиындар болса ноутбукты жауып тастап,
смартфондарды барынша алшақ ұстаған жөн»,-дейді қауіпсіздік
мамандары.Күлкілі болып көрінетін бұл әрекет сізді көптеген жамандықтан
сақтауы мүмкін.

Аружан ТЫНЫШБАЙ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Журналистика» мамандығының 4-курс студенті

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.