A place where you need to follow for what happening in world cup

100 миллион теңге: Алматыда бір шабадан алтын бұйымдар табылды (видео)

266

Алматы полицейлері «барахолкада» ұрланған бір шабадан алтынды тауып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, 12 тамызға қараған түні қаладағы базарлардың бірінде алтын-күміс бұйымдары сатылатын сегіз бірдей сауда орны тоналды. Ұры 100 миллион теңгенің әшекейін шабаданға салып, алып кеткен. Қылмыс бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

«Бұл қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Базардағы бейнебақылау жүйелеріне талдау жасалды. Күдіктінің жеке басы бірден анықталды. Бұл – 35 жастағы А. есімді азамат. Ол Қонаев қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Күдікті сол жерде уақытты өткізуді жоспарлаған көрінеді», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Ол ұрланған алтын бұйымдарды қала шетіндегі иен далаға жасырған. Заттай айғақтар тәркіленді. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасы ретінде «қамауға алу» санкцияланды.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.