A place where you need to follow for what happening in world cup

1 маусым балаларды қорғау күні мен құтықтады

267

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесі бастығы әділет полковнигі Б. Сауранбаевтің бастауымен тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Е.Амировпен Жамбыл облысы бойынша Сармолдаев атындағы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барып құттықтап силықтар мен тәттілер ұсынды. Аталған мерекелік іс шара тарихына үңіге кетсек балалар күнін өткізу жөніндегі шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданады. Ал Халықаралық балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы атап өткізілді. Шын мәнінде балалардың әр күні мереке болуы тиіс. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру барлығы кез келген адамның міндетіне кіру керек. Бұдан бөлек, әлем халықтары 20 қарашада Халықаралық нәрестелер күнін, 16 маусымда Африкада балаларды қорғау күнін мерекелейді. Ал біздің елімізде балаларға арналған көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылып, жалпыхалықтық деңгейде аталып өтіледі. Ендеше барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтаймыз.

КСБ бастығы әділет капитаны А.Б. Ерубаева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.