A place where you need to follow for what happening in world cup

«Өмір, қымбатсың маған»

504

Өмір жолында жаза басып, түзеу мекемесінде жазасын өтеп шыққан азаматтарды қоғамға қайта бейімдеуде пробация қызметінің маңызы зор. Аталған қызмет өкілдері тіркеуде тұрған азаматтардың басындағы түрлі әлеуметтік мәселелердің шешілуіне үлкен септігін тигізеді. Мәслен, олардың бұрыс жолға қайта түспеуін, өзгелер мен өз денсаулығына зиян келтірмеуін бақылауда ұстайды.

Бұл мақсатта пробация қызметкерлері түрлі шаралар өткізіп отырады. Соның бірі күні кеше №1 Тараз қалалық пробация қызметі инспектор-психологтарының ұйымдастыруымен өтті. «Өмір, қымбатсың маған» тақырыбына арналған тренингке пробация қызметінің өз-өзіне қол жұмсауға бейім тұлғалар есебінде тіркеуде тұрған азаматтар қатысты.

Жиын тіркеудегі азаматтар арасында суицидке бару оқиғаларының алдын алуды мақсатында ұйымдастырылды. Тренингте қатысушылар психологиялық-эмоционалдық ұстамдылық пен сын пікірлерге бой бермеушілікті қалыптастыру бойынша жаттығулар орындады. Сондай-ақ, әр азамат өзінің ұстанымдары, берік ұстанатын қағидалары мен өмірдегі басты құндылықтар жайлы ойларын ортаға салды.

Рысты Нартова,
Тараз қалалық №1 пробация қызметі бөлімінің инспекторы әділет лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.