A place where you need to follow for what happening in world cup

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

208

Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, даралығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін жаттатқызып, әндерін шырқататын шаралар биылғы жылдан бастап еселене түсті. Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған ауқымды шара Шу ауданы Қонаев ауылындағы Төле би атындағы орта мектепте де әсерлі ұйымдастырылды. Аталған шараны ауданның ардагер ұстаздар, ауыл қариялары және ауданнан келген қадірлі қонақтар тамашалады.

Әдеби-сазды кеш тақырыбы  «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы, заман тынысы» деп аталды. Сахна шымылдығы ақынның «Құнанбайдың түсі» бейнежазбасымен ашылды. Әрі қарай сазды бағдарлама жалғасын тапты. Мектептің өнерлі оқушылары Абайдың сөзіне жазылған әндерін орындап, ұлттық биден шашу шашты. Кешке әсер сыйлаған «Абай жолы» роман-эпопеясындағы бала Абайдың оқудан ауылына келіп, туғандарымен көрісіп, сағынышын басқан сәтінен көрсетілген көрініс еді.

Жалпы, М.Сұлтанова басқаратын Төле би атындағы орта мектебі білімнен бөлек шығармашылығымен, өнерлі оқушыларымен мақтана алатын білім ордасы. Шара барысында осыны тағы бір дәлелдеген ұйымдастырушылар кеш қонақтарына оқушылардың өзгеше өнерімен таныстырды. Өнерпаздардың бірі гитарада, енді бірі скрипкада, фортепианода ойнап, ақынның сөзіне жазылған әндерден попури тарту етті. Артынша ауылдың ауызбіршілігін дәлелдеген түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билері бірінен соң бірі орындалды.

Шара соңында қонақтар сөз сөйлеп, кештің жақсы ұйымдастырылғанын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Балнұр ЖЕКСЕНБЕКҚЫЗЫ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.