A place where you need to follow for what happening in world cup

Әскери міндеттілер қауіпсіздік шараларына атсалысады

333

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін «Әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы» №296 Жарлыққа қол қойған болатын.

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылсын», — делінген жарлықта.
Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін айқындай отырып, тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруды ұйымдастыру тапсырылды.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, әскери жиынға бірінші кезекте ерікті адам қабылданады. Қанша адамның қажет екенін әрі әскери жиынға қабылдау мерзімін жергілікті әкімдер шешеді.
Әскери жиын 10 күннен 3 айға дейін созылуы мүмкін. Әкімдер әскерге баруға міндеттілерді олардың денсаулығы, отбасылық жағдайы мен жасына байланысты анықтайды.

Жиын кезінде әскери міндеттілер әскери қызметкер статусын алады. Олар тамақ, киім және медициналық қамсыздандыру секілді барлық әлеуметтік жеңілдікпен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар әскери жиынға қатысқандардың жұмысы мен лауазымы сақталады. Әскерге баруға міндеттілер мемлекеттен орташа жалақы алады. Ал жиынға дейін жұмыссыз болғандарға ең төменгі жалақы беріледі.
Қорғаныс министрлігінің дерегінше, әскери жиынға адам күндіз жұмысқа барғандай қатысады, ал кешке үйге оралады.

Осыған орай бүгін Сарысу ауданы әкімі Қанатбек Мәдібектің және тиісті сала өкілдерінің қатысуымен жиырмадан астам аудандағы ерікті әскери міндеттілер жиынға тартылды.

Ерікті әскери міндеттілер аудан аумағы бойынша топ-топқа бөлініп, қауіпсіздік шараларына атсалысатын болады. Олардың киім-кешек, бетперде, ас ауқатыменн басқа да қажеттіліктер қорғаныс саласы және аудандық әкімдік тарапынан толықтай шешілген.

Күні бойы ел арасындағы, бекеттер мен жол айрықтарындағы сақтыққа атсалысатын азаматтар жұмыс уақыты аяқталғанда өз үйлеріне барады. Оларға тәртіп пен талап түсіндірілді.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.