A place where you need to follow for what happening in world cup

«Ұлы елдің ұланы Тәуелсіз болған ұланы» атты облыстық жастар оқыту лагері өтті

487

2021 жылдың 16-18 қыркүйек күндері аралығында Жуалы ауданы «Берікқара» демалыс орталығында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында зияткерлік, адами және ой ұшқырлығы әлеуетінің қалыптасуына ықпал етуге бағыттау, көшбасшылық қасиеттерді шыңдап, жастар саясатында жалпы жұмысты үйлестіруге баулу мақсатында «Ұлы елдің ұланы, Тәуелсіз болған ұланы» атты облыстық жастар оқыту лагері өткізілді.
Облыстық лагерьге облысымыздың белсенді жастары, волонтерлер, ҮЕҰ жетекшілері, аудандық, қалалық «Жастар ресурстық орталықтарының» қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері және оқытушылар қатысты.
Лагерьге Тараз қаласынан жол тартқан қатысушыларды «Берікқара» демалыс орталығынан ұйымдастырушылар жақсы көңіл-күймен қарсы алып, барлығын өз бөлмелеріне орналастырды. Шараның бірінші күні қатысушылар танысу тренинг жаттығулары арқылы бір-бірлерімен жақынырақ танысты. Шара барысында «E-Otinish» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеулердің біріңғай платформасында жұмыс істеу және жұмыспен қамту бағдарламалары, ауылшаруашылығын дамыту, салық саласындағы өзгерістер және «Серпін-2050» бағдарламасы туралы оқыту жұмыстары жүргізіліп, лагерьдің ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселерлері басқармасының басшысы С.Беікқожа қатысты. 5 топқа бөлінген жастар топ атауын қорғап, өздерін таныстырды.
Екінші күні ЖРО заңгерлерінің, СММ мамандарының, ақпараттық бөлім мамандарының, ауылдық округ инспекторларының және волонтерлардың біліктілігін арттыру мақсатында оқыту жұмыстары, «Qaz IQ» интелектуалдық ойыныөтті.
Жалпы бағдарлама лагерьдің қонақтарымен интерактивті сұхбаттар, жеке тұлғаның дамуына және кәсіби ұшталуына бағытталған тренингтік бағдарламалар, дене шынықтыру ретінде күнделікті таңғы жаттығулар, психологиялық тренингтер және команда құру ойындарынан құрылды. Сондай-ақ, кіші футбол мен волейболдан туринр және кешкі бағдарламалар ұйымдастырылып өткізілді.
Лагерь қорытындысы бойынша қатысушылар «Ұлы елдің ұланы, Тәуелсіз болған ұланы» атты облыстық жастар лагеріне қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Лагердің белсенді қатысушылары, заңгерлер мен СММ мамандарына арнайы сертификаттар, байқауларда үздік деп танылған жастарға қосымша алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.