A place where you need to follow for what happening in world cup

Үлгілі ауылдағы ілкімді іспен танысты

179

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын арттыру, өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Жамбыл облысы әкімі Бердібек Мәшбекұлының қолдауымен «Үлгілі ауыл» жобасы бастау алған болатын.
Осыған орай Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркімбек Бейсембекұлы бастаған топ «Үлгілі ауыл» жобасына енген Биназар ауылдық округінде болды. Топ мүшелері алғашқы қадамдарын «Биназар Ақәділұлының» ескерткішіне бас иіп, гүл шоқтарын қоямен бастады. Одан әрі 4 топқа бөлінген сарапшы топ мүшелері ауылдың рухани мәдени ескерткіштерін, ауыл музейін, кәсіпкерлік нысандарын, білім ошақтарын және «Асарлатып» салынып жатқан үйді, сондай ақ жөнделген жолдарды және жалпы ауыл ішін аралап, ауылдың тыныс тіршілігіне өз бағаларын беріп, қорытынды жиында ұсыныстарын білдірді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.