A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайлықтарды Жолдау жүктеген міндетті бірге атқаруға шақырды

197

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырған болатын. Бүгінде облыстық және аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, халық арасында маңызы зор құжаттың негізгі басмдықтарын түсіндіруде. Осы мақсатта Қордай ауданына «Jambyl» телеарнасының директоры Мейіржан Әлібекұлы арнайы келіп, Алға және Ноғайбай ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында Мейіржан Әлібекұлы Жолдаудың маңызды 11 басымдығына жекелей тоқталып, түсініктеме беріп өтті. Әсіресе, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында жоспарланған жобалар: баспана мәселесінің оңтайлы шешілуі, «5 10 25» бағдарламасының іске асуы, зейнетақыры қорындағы қаржыны пайдалану, «Аңсаған сәби» жобалары және ұстаздар мен дәрігерлердің жалақысының өсуін ерекше атап, тарқата айтты.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмеркерлер мен жауапты хатшылардың қысқаруы, медицина және білім саласындағы игі шараларға жіті тоқталды. Өз кезе гінде, ауыл тұрғындары өз ойларын білдіріп, пікір алмасты.
Жиын соңында Мейіржан Әлібекұлы «Айта кету керек, биылғы Жолдаудың ерекшелігі сол, Президентіміз алдыңғы Жолдауларында айтқан елді дамытуға бағытталған негізгі міндеттерді жаңғыртуы. Ал биылғы Жолдауда айтылған азаматтардың тұрмысын жақсарту, оларға жағдай жасау, тұрғындардың денсаулығы үшін бұқаралық спортты дамыту, әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу, жұмыссыздықты жою, мұның бәрі бізге үлкен міндеттер жүктейді. Сондықтан осы отырған барлығыңызды Президенттің биылғы Жолдауын халыққа, аудан тұрғындарына түсіндіруде, насихаттауда жұмылып жұмыс жасауға шақырамын» деп атап, ауыл тұрғындарын жолдау жүктеген міндетті бірге атқаруға шақырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.