A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайда дәрігерлерге тегін түскі ас ұйымдастырылды

205

Бүгінде еліміз әлемнің басқа елдері сияқты қиын кезеңді бастан өткеріп, әлемді әбігерге салған індетпен күресіп жатыр. Әсіресе, пандемиямен күрестің алғы шебіндегі дәрігерлер үшін сын сағаты туды. Осынау қиын сәтте адамзаттың бір-біріне көмек беру, түсіністік пен қайырымдылық сияқты қарапайым адами қасиеттерге зәру екені ақиқат. Осындай ізгі қасиеттерді бойға жиған Қордай жұртшылығы елімізде төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап қайырымдылық шаралар жасауда алдыңғы қатардан көрініп келеді. Ауданға белгілі кәсіпкер Сәрсебек Салыбаев орталық ауруханадағы 100-ге жуық қызметкерге түскі ас ұйымдастырып, алғысын білдірді. Осылайша, төтенше жағдайға байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлеріне қолдау білдірген кәсіпкер «Қазір еліміз қиын кезеңдерді бастан кешіріп отыр, әрбір жерлестеріміз үшін де оңай болып тұрған жоқ. Ел басына қиындық туған кезеңде бір-бірімізді қолдап, жанашырлық танытуымыз қажет. Әсіресе, дәрігерлер отбасына да, денсаулығына да алаңдамай, өмірін тәуекелге тігіп, коронавируспен күресіп жатыр. Бәрімізге үлгі-өнеге боларлық іс атқарып жүрген дәрігерлерді қолдау үшін түскі асты алып келдім», -дейді С.Салыбаев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.