A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары мекеме жұмысымен танысты

370

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Сағат Мәдиев жұмыс сапарымен Тараз қаласына келді. Сағат Кентайұлы өңірге жасаған жұмыс сапары барысында ҚАЖД №67 мекемесінің ішкі жағдайымен танысып, басқа да аумақтарды аралады. Сондай-ақ, мекемедегі бейнебақылау жүйелерімен толық жұмыс істейтініне ерекше назар аударды.
Жабық мекемелерде бейнебақылау жүйесін орнату және сотталғандардың құқықтарын мүлтіксіз сақталуы жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.Бұған қосымша, өңірлік ҚАЖ департаменті бастығы және оның орынбасарларының, түзеу мекемелері сондай-ақ қала мен облыстың пробация бөлімдерінің басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.
Жалпы, облыс аумағында әртүрлі мазмұндағы 5 пенитенциарлық мекеме жұмыс істейді. Олардың 4-еуі Тараз қаласында, ал 1-еуі Жамбыл облысының аумағында орналасқан.
Айта кетейік, Сағат Мәдиев аталған жұмыс сапарының соңында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденовтың төрағалымен өткен жиынға арнайы қатысты. Облыстық Полиция департаментінде өткен басқосу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған Жолдауында жүктелген міндеттерді, тәртіп сақшылары мүлтіксіз орындауы қажеттігі баса айтылды.

ҚАЖД №67 мекемесінің КСБ бастығы әділет майоры Ғ.Т. Кулумбетов

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.