A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖ қызметкерлері оқушыларға қол ұшын берді

613

Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің қызметкерлері қиналғанға қол ұшын беріп, қайырымдылық жасауда алдына жан салмайды. «Атымтай жомарт» азаматтар бұл жолы «Мектепке жол» акциясы аясында тұрмыс жағдайы төмен жаняұның балаларына мектеп формасын, спорттық киім, сөмкесі және құрал-жабдықтарын алып берді.

— Жас ұрпаққа артар сенім мол. Қазақ әуелден жетім-жесірін жылатпаған халық. Жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға көмек қолын созуды өзіміздің азаматтық міндетіміз деп есептейміз. Бүгінгі әрбір жас сәби — еліміздің ертеңі. Баланы ертеңгі күні өзгенің алдында алақан жайып жүрмесі үшін жастайынан білім алуына жағдай жасау қажет. Кішкентай кезінен өзге жандардан қайырымдылық пен мейірімділікті көріп өскен ұрпақ болашақта өміріне соны сабақ етіп, жақсылыққа жаны құмар болып өседі, — дейді мекеме қызметкерлері.

Айгүл Тыныстанова,
ЖД-158/1 мекемесінің кітапхана қызметкері

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.