A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖ қызметкерлері Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды

174

Өңірлік ҚАЖ департаментінде өткен салтанатты жиын батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Бұдан кейін, барлық қатысушылар бір минут үнсіздікпен қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Жамбыл облысы Ішкі істер органдарының барлық қызметкерлерін және Ғазиз Байтасовты еске алды.

Жиналғандар алдында облыстық ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Бекболат Ескеев сөз сөйлеп, әділеттік жолында күресіп, елі үшін тер төгуді парызым деп білген полиция капитаны Ғазиз Байтасов, полиция сержанттары Полат Аянқұлов пен Жақсыбек Байсейітов секілді батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын, олардың ерлігі қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін сақтау жолында жүрген құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне әрқашан үлгі-өнеге болып қалатынын айтты.

Еске сала кетейік, 2011 жылғы 12 қарашасы — ішкі істер органдарының ең үздік қызметкері, ІІД Жол полициясы жеке батальоны 1-ші взводының командирі болған, полиция капитаны Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза болған күні.

Жамбыл облысы ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.