A place where you need to follow for what happening in world cup

Қайырымдылық – қайырлы іс

290

Бүгін Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастамасымен «Насими» әзірбайжан этномәдени бірлестігі жетекшісі Мухамеджанова Гүлханымның қолдауымен «Достық» сауда үйінің 2-ші қабатында орналасқан «Қамқор» әлеуметтік дүкеніне түрлі жас шамасындағы жастарға арналған тегін киім-кешек тапсырылды. Аялы алақаннан дарыған қамқорлықты мұқтаж жандарды демеуге қосылған тамшыдай болса да үлес деп бағалауға болады.
Аудандағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері қайырымдылық шарасына белсенді қатысып, үнемі халықпен бірге екендігін көрсетеді «Қамқор» әлеуметтік дүкенінің үйлестірушісі Төлебаев Еркін киім-кешектерді қабылдап алып, ұйымдастырушыларға өз тарапынан алғыс білдірді. Алдағы уақытта осындай кең жүректілікті қажет ететін шаралар жалғасын табады деген сенімдіміз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.