A place where you need to follow for what happening in world cup

Қаңтарда қолды болған қарулар табылды

236

«Қасіретті қаңтар» оқиғалары қазақ еліне сын, Ұлттық қауіпсіздігімізге төнген қауіп болды. Әділеттің өріне, шын­дық­тың шыңына ұмтылған мұң-наласы мол қаймана халықты қалқан етіп, залым күштер зұлым ниетін іске асыруға ты­рыс­ты. Қалаларды қиратты, қарсы кездес­кен­ді жайратты, қан төкті, елді үрейге бөкті. Қазақстанымыздың бейбіт аспанын қара бұлт торлады. Елдік пен тәуелсіздікке тірек болған асқаралы арман, асыл мұ­раттар адыра қалғандай болды. Ұлт тағ­дыры, ұрпақ болашағы тал­қығ­а түскен тарихи сәтте бейбіт халқы­мыз­дың бай­сал­дылығы, ел басшылығының батыл қа­дамдары елдікті сақтап, мемлеке­тімізді тұрақты қалыпқа қайтарды.

Жыл басындағы жаппай тәртіпсіздіктерді өз пайдасына шешкісі келген мүдделі топтар ел арасына іріткі салып, қоғамды өз ішінен бүлдіргісі келді. Бұл мақсатта жиылған жұртты заңбұзушылықтарға итермелеп, қару жарақ та таратты. Қазіргі уақытта аталған оқиғаларға кінәлілерді анықтау жұмыстары қарқынды жүруде. Сондай-ақ, сол уақытта қолды болған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді іздестіру шаралары да жалғасуда. Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері де жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағынан 10 қару, 2 граната, патрондар, каскалар, сауыт-саймандар, рация тауып тәркіледі.

Табылған қарулардың арасында Калашников автоматы, екі Макаров тапаншасы, «Компакт» маркалы тапанша, тегіс ұңғылы карабин, қос ауызды тегіс ұңғылы мылтық, «ИЖ-56» екі ұңғылы құрама мылтық, травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтықтар, 2 жарық-шу гранатасы, әртүрлі калибрлі 648 патрон болды. Қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.