A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті

316

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесiнен сотталған М.Д. жаза мерзімінің аяқталуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтiк жобасының
аясында шығарып салу шарасы өтті. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатуға дайындық кезеңiнде бағдарламаға сәйкес психологиялық, медициналық, әлеуметтiк-қуқыктық көмек, еңбекке және тұрмыстық орналастыру, отбасымен оң байланыстарды нығайту мәселелерiнде
тәрбиелiк iс-шаралар жүргiзiлдi. Сотталғанмен босатылатын күнiде қолдау және консультациялық көмек көрсету
шеңберiнде, оны одан әрі әлеуметтiк бейiмдеу бағытын әзiрлей отырып, мекемеге Тараз каласының жұмыспен қамту орталығынан білікті маман және Тараз қалалық № 2 пробация қызметiнен қызметкер шақыртылды. «Қақпа алдында кездесу» iс-шарасы кезінде: оңалтуға жәрдем көрсететiн мемлекеттiк мекемелердiң байланыс деректерiн, сондай-ак тұрғылықты жерi бойынша тіркелу, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау орындарында есепке қою және т.б тәртiбiн қамтитын жадынама табыс етiлдi. Бостандыққа шыққан сотталғанды қақпа алдында ұза уақыт бойы бостандықта
сағына күтiп жүрген бауырлары мен достары асыға қуана қарсы алды.

ЖД 158/1 мекемесiнiң
АКАТЖЖӘП бөлімшесінің
инспекторы әділет аға лейтенанты Мыркалиева Меруерт.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.